17.09.2008, 19:08 2956

Үкімет басшысы Израиль мемлекетінің ұлттық инфрақұрылым министрі Биньямин Бен-Элиэзермен кездесті

Үкімет басшысы Израиль мемлекетінің ұлттық инфрақұрылым министрі Биньямин Бен-Элиэзермен кездесті

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Израиль мемлекетінің ұлттық инфрақұрылым министрі Биньямин Бен-Элиэзермен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешекте кеңейту жайын талқылады.

Кездесу барысында сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыс өңіріндегі экономикалық жағдай туралы пікір алмасылды.

Б. Бен-Элиэзердің айтуынша, Израиль үкіметі Қазақстанға инвестиция тарту үшін жеке меншік компанияларды ынталандыратынын атап өтті.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істейтін ондаған израильдік компанияларда осы елде жұмыс істеу үшін айқын сенім бар. Мұнда, Қазақстанда олар саяси, экономикалық қай жағынан болмасын нық сеніммен жұмыс істей алады",- деді Б. Бен-Элиэзер.

Кездесу соңында тараптар қазақстан-израиль экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың табысты боларына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны