06.05.2008, 12:55 1343

Үкімет басшысы қаржы министрлігіне кедендік процедураларды жеңілдету жөніндегі ұсыныстарды үкіметке енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы қаржы министрлігіне кедендік процедураларды жеңілдету жөніндегі ұсыныстарды үкіметке енгізуді тапсырды

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қаржы министрлігіне кедендік процедураларды жеңілдету жөніндегі ұсыныстарды бір аптаның ішінде дайындап, үкіметке енгізуді тапсырды. Мұндай тапсырма бүгін үкіметте өткен кеңесте берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына қатысты кедендік процедураларды жеңілдету жөніндегі тағы бір мәселе қалып отыр. Сол себепті мен қаржы министрлігіне келесі сейсенбіге дейін дайындап, заңнамалық актілерге кедендік процедураларды жеңілдету бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі үкімет қаулысын қабылдау туралы ұсыныстар блогын енгізуді тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл да бүгін қабылданған әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі нормативтік құжаттар секілді Қазақстанда бизнес жүргізуге ықпалын тигізеді",- деді ол.

"Біз тағы жаңа Салық кодексін қабылдауға тиіспіз. Шамамен маусымның аяғы, немесе, шілденің басында оның жобасына қатысты үкіметтің жеке отырысы өтеді. Жаңа кодекстің жобасында шағын және орта бизнес үшін әкімшілік процедураларды жеңілдету және осы санаттағы бизнес үшін салық ауыртпалығын азайту мәселелері біршама салмақты болады деп ойлаймын, мен оның жобасымен таныстым", - деді премьер.

"Қазақстанда бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету жөніндегі үкіметтің тағы бір отырысын қыркүйекте өткіземіз, онда қазір жобасы жасалып жатқан заңдар топтамасын, атап айтқанда, "Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасын қараймыз ", - деді ол. "Яғни, үкімет таяу уақыттарда және біртіндеп үш маңызды мәселені талқылауға тиіс, біз сөйтіп экономиканың негізі саналатын шағын және орта бизнеске жұмыс жүргізуді жеңілдету үшін заңнаманы қадам-қадаммен оңайлата түсуге тиіспіз", -деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны