01.07.2009, 18:10 2771

Үкімет басшысы Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды

Үкімет басшысы Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ЭЖМК) кезекті отырысы өтті. Үкімет басшысы онда Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушылар электр энергетикасы, мұнай-газ, металлургия салалары мен химия өнеркәсібіндегі, фармацевтика саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу жайы туралы хабарламаны тыңдап, аталған жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды талқылады.

К.Мәсімов "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басшылығына тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолдағы барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды және Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны