08.12.2009, 15:27 3029

Үкімет басшысы Кедендік одақ аясында медициналық көмекті біріздендіру мәселесін бақылауды тапсырды

Үкімет басшысы Кедендік одақ аясында медициналық көмекті біріздендіру мәселесін бақылауды тапсырды

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Кедендік одақ аясында ақысыз медициналық медициналық көмек көрсетуді біріздендіру мүмкіндігіне қатысты мәселені бақылауды тапсырды. Ол бүгін өткен үкіметтің отырысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл мәселені сіз бақылауға алуыңыз қажет. Құрылып жатқан Кедендік одақ аясында бізде ақысыз медициналық медициналық көмек көрсетуді біріздендіру мүмкіндігі қарастырылған ба, әлде жоқ па. Бұл бірінші кезекте Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлеріне қатысты болмақ", - деді Кәрім Мәсімов.

"Біздің елдерде медициналық көмек қамтамасыздығында айырмашылықтар бар. Біз осы жайтты ескеруіміз қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны