11.06.2007, 15:36 2920

Үкімет басшысы Көлік және коммуникация министрлігіне транспорт стратегияларында президенттің идеясы айтылған жаңа жобаларды ескеруді тапсырды

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Көлік және коммуникация министрлігіне транспорт стратегияларын жүзеге асыруда президенттің идеясы айтылған жаңа жобаларды ескеруді тапсырды. Бұл туралы Кәрім Мәсімов бүгінгі селекторлық кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Стратегия қабылданғаннан кейін туындаған бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, екі ел президентінің арасындағы кездесу кезінде сөз болған Ақтау мен Түрікмения арасындағы дәліздің салынуын қарастыру қажет",- деді Кәрім Мәсімов, Көлік және коммуникация министрлігінің өкілдеріне қарап сөйлеген сөзінде. "Онда көлік жолдары да, темір жолдары да салынбақ. Оларды қарастыру қажет",- деп қосты ол.

Сонымен қатар, ол "кеше елбасы Санкт-Петербургте сөйлеген сөзінде Каспий мен Қара теңіз арасында арна салу туралы мәселені қозғады", деп атап өтті. "Бұл мәселе де сіздерге тиісілі. Егер бұл іске асса, ол барлық жүк тасымалын түп-тамырымен өзгертеді",- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны