05.05.2009, 19:00 2861

Үкімет басшысы көпшілік тұтынатын дәрілік құралдарға ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті кәсіпорын құру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы көпшілік тұтынатын дәрілік құралдарға ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті кәсіпорын құру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіру саласын дамыту мәселелеріне арналған жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте жоғары сұранымға ие дәрі-дәрмек шығаратын отандық өндіріс орындарын құру, ұзақ мерзімді негізде емдік дәрі- дәрмектерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ, "СК Фармация" компаниясы қызметінің мәселелері талқыланды.

"К.Мәсімов тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына Қазақстанда жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, көпшілік тұтынатын дәрілік құралдарға ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті кәсіпорын құру үшін жуық арада ұсыныстарды енгізуді тапсырды", делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны