28.09.2009, 11:37 1523

Үкімет басшысы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне көмір мен мұнай өнімдерінің бөлшек бағасын тұрақты қадағалауды тапсырды

Үкімет басшысы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне көмір мен мұнай өнімдерінің бөлшек бағасын тұрақты қадағалауды тапсырды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне көмір мен мұнай өнімдерінің бөлшек бағасын тұрақты қадағалауды тапсырды. Ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевқа осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі облыс әкімдерімен бірлесе отырып, көмір мен мұнай өнімдерінің бөлшек бағасын тұрақты қадағалауы тиіс", - деп атап өткен Кәрім Мәсімов отын сатушылар арасында бағаны ымыраласа белгілеуге жол бермеу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, премьер-министр Көлік және коммуникациялар министрлігігне, "Самұрық - Қазына" қорына, "ҚТЖ" АҚ-ына "көмір тасымалдауға және оны келісілген өтінімдерге сәйкес тұтынушыларға жіберуге арнап вагондар бөлуге шара қолдануды тапсырды".

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа қаратып айтқан сөзінде Кәрім Мәсімов "энергетикалық кәсіпорындардағы негізгі технологиялық жабдықтарды жөндеу жұмыстарының барысын сол жерлерге барып тексеруді тапсырды". "Кестеден кешігу оқиғалары бар жерлерде оларды ағымдағы жылдың қазан айында аяқтауға шара қолданылсын", - деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны