20.02.2008, 15:25 2696

Үкімет басшысы ҚР Индустрия және сауда министрі болып тағайындалған Владимир Школьникті ұжымға таныстырды

Үкімет басшысы ҚР Индустрия және сауда министрі болып тағайындалған Владимир Школьникті ұжымға таныстырды

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР Индустрия және сауда министрі болып тағайындалған Владимир Школьникті ұжымға таныстырды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәрім Мәсімов өзге жұмысқа ауысқан бұрынғы Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовқа бірге атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Жаңа министрді таныстыра отырып, премьер-министр "сіздердің алдарыңызда тұрған негізгі міндеттер - ел президенті жүктеген стратегиялық мақсатты орындау, осы міндеттерді шешу мен тәртіпті күшейтуге арналған мемлекеттік ресурстарды жаңғырту" деп атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, В. Школьник 1949 жылы туған. Мәскеу инженерлік-физика институтын бітірген, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1966 жылы бастаған. 1992 жылдан Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің бас директоры, 1994 жылдан ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрі, 1996 жылдан ҚР Ғылым академиясының президенті және ғылым министрі, 1999 жылдан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, ал 1999 жылдың қазанынан ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрі болды.

2000-2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ҚР Индустрия және сауда министрі, 2007 жылдың басынан Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып істеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны