06.06.2007, 16:36 2786

Үкімет басшысы мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі екі ел арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Ричард Баучермен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастарының барлық салалары бойынша кең көлемде пікір алмасылды.

Атап айтқанда, экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, 2007 жылы 12 мамырда қол қойылған Қазақстан, Ресей және Түрікменстан президенттерінің Каспий газқұбыры құрылысы туралы бірлескен декларациясы туралы сөз болды.

Бұдан басқа, Ауғанстанды дамытудың келешегі және оны орнықтыру жайы талқыланды. Р. Баучердің айтуынша, "АҚШ Ауғанстанда энергетикалық және көлік секторларды қалпына келтіру мен дамытуға қызығушылық танытуда".

Үкімет басшысы К. Мәсімов өз кезегінде "Ауғанстанды дамытуда қаржылық инвестициялауға дайындығын" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны