10.04.2007, 18:54 3029

Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді

АСТАНА. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте негізгі баяндаманы индустрия және сауда министрінің орынбасары Жанар Айтжанова жасады.

Атап айтқанда, Қазақстанның сыртқы сауда заңнамасын және құқықтық қабылдаулар іс-тәжірибесін ДСҰ-ның нормаларына келтіруге байланысты жүйелі сипаттағы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр барлық салалық министрліктер мен ведомстволарға Қазақстанның ДСҰ-на кіруі үдерісінде барлық келісімдер позициясын әзірлеу туралы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны