07.09.2009, 11:58 1626

Үкімет басшысы Назарбаев атындағы білім беру нысандарының тұсауын келесі жылдың ортасына таман кесуге тапсырма берді

Үкімет басшысы Назарбаев атындағы білім беру нысандарының тұсауын келесі жылдың ортасына таман кесуге тапсырма берді

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің орынбасары Ербол Орынбаевқа президенттің атымен аталған білім беру нысандарының тұсауын келесі жылдың ортасына таман кесуге тапсырма берді. Ол осы жөнінде бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен аптада мемлекет басшысы ғылымды дамыту жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы университет, мектеп және қор секілді үш білім ордасын өз атымен атауға рұқсат бергендіктен, деңгейі мүлдем басқаша болуға тиіс. Бұл мәселені ол сізге дербес тапсырады", - деді Кәрім Мәсімов Е. Орынбаевқа.

"Осы мәселе бойынша бізге берілген тапсырмаға сәйкес қазан айында үкіметтің тағы бір отырысын өткізу қажет. Сізге білім беру нысандарының тұсаукесерін келесі жылдың ортасына таман жасауға тапсырма беремін", - деді Кәрім Мәсімов.

Осы орайда ол аталған мерзімге дейін нысандардың жұмыс істеп тұруы қажеттігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны