08.11.2016, 15:41 3450

Үкімет басшысы ОҚО және Жамбыл облыстарыныӊ әкімдерініӊ дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жайлы баяндамасын тыӊдады

Табиғи апаттан Тараз қаласындағы және облыстыӊ бес ауданындағы нысандар зардап шекті. Барлығы 1 754 нысан зардап шекті, оныӊ ішінде 454 нысанныӊ шатырыныӊ 70% зақымданды. 53 мыӊ абонент электр желісінен ажырап қалды, бес елді мекенде газ беру тоқтады.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ОҚО және Жамбыл облыстарыныӊ әкімдерініӊ дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жайлы баяндамасын тыӊдады, деп хабарлайды Үкіметтіӊ баспасөз қызметі.

"Үкіметтіӊ кезекті отырысын бастамас бұрын қатты дауылдан зардап шеккен оӊтүстік өӊірлердегі, әсіресе, Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға тоқталғым келіп отыр. Табиғи апаттан инфрақұрылым нысандарына зақым келіп, бірнеше аудан жарықсыз қалды. Қатты жел ғимараттар мен үйлердіӊ шатырларын жұлып әкетті. Мен облыс әкімдері мен тиісті мемлекеттік органдардыӊ басшыларына шұғыл тапсырма берген болатынмын. Сондай-ақ, осы мәселені Асқар Ұзақбайұлына бақылауға алуды тапсырғанмын. Кәрім Нәсбекұлы, қалпына келтіру бойынша қандай жұмыстар атқарылды, баяндаӊыз", - деп сұрады Б. Сағынтаев.

"Табиғи апаттан Тараз қаласындағы және облыстыӊ бес ауданындағы нысандар зардап шекті. Барлығы 1 754 нысан зардап шекті, оныӊ ішінде 454 нысанныӊ шатырыныӊ 70% зақымданды. 53 мыӊ абонент электр желісінен ажырап қалды, бес елді мекенде газ беру тоқтады. Шұғыл түрде ТЖ салдарын жою шараларын қабылдадық, азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын жоғары әзірлікке көшірдік, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын күшейттік. Шұғыл жұмыстар нәтижесінде сол күні, 3 қарашада газ беру қалпына келтірілді, 4 қарашада халыққа жылу беру жалғастырылды, 6 қарашада ауылдық елді мекендерде электр желісін беру қалпына келтірілді. Бүгінде Таразда жекеменшік тұрғын үй секторындағы 351 абонентке жарық беру жұмыстары жалғасып жатыр. 36 азамат медициналық көмекке жүгінді, оныӊ 4-уі ауруханаға жатқызылды. Тараз қаласында, Байзақ, Мойынқұм және Шу аудандарында жергілікті маӊызға ие ТЖ режімі енгізілді", - деп хабарлады Жамбыл облысыныӊ әкімі К. Көкірекбаев.

Өз кезегінде, ОҚО әкімі Ж. Түймебаев облыста қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Еске салайық, 3 қараша күні Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында екпіні секундына 30 метр жылдамдыққа жеткен қатты жел тұрып, соныӊ салдарынан Жамбыл облысыныӊ Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Шу аудандары зардап шеккен болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны