04.06.2009, 18:51 2736

Үкімет басшысы Өндіруші сала қызметінің ашықтығы бастамасына жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуын кеңейту жөнінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысына ұсыныстар енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы Өндіруші сала қызметінің ашықтығы бастамасына жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуын кеңейту жөнінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысына ұсыныстар енгізуді тапсырды

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Өндіруші сала қызметінің ашықтығы бастамасына жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуын кеңейту жөнінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысына ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстанда Өндіруші сала қызметінің ашықтығы бастамасын ( ӨСҚАБ - EITI ) іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске ҚР парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушы - кәсіпорындардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасында ӨСҚАБ іске асыру жөніндегі мүдделі тараптардың Ұлттық кеңесінің мүшелері премьер-министрге бастаманы енгізу және оны жетілдіруге байланысты қажетті шаралар аясында Қазақстанда валидация үдерісінің барысы туралы хабарлады.

Атап айтқанда, кеңеске қатысушылар өндіруші компаниялардың ӨСҚАБ қосылудың нормативтік тәртібінің еріктілігі немесе міндеттілігі мәселелерін, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттағы міндеттемелерін іске асыру барысында бірқатар арнайы салықтық, әлеуметтік төлемдер мен салымдар бойынша қосымша ақпараттарды ашудың мүмкіндіктерін талқылады.

Ұлттық кеңес мүшелері мен ҮЕҰ өкілдері Қазақстанда ӨСҚАБ алға жылжытудағы ҚР үкіметінің қызығушылығы жоғары болуының арқасында айтарлықтай алға басу байқалып отырғанын, сондай-ақ, бұл EITI Халықаралық хатшылығының тарапынан да айырықша аталып өткеніні тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшыларына ҮЕҰ бірлесіп, 2010 жылы ӨСҚАБ енгізу аясында Қазақстанда валидация үдерісін аяқтауға қатысты барлық мәселелерді пысықтауды, сондай-ақ, бастаманы іске асыруға жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуын кеңейту бөлігі бойынша ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысына ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны