31.05.2006, 10:11 7075

Үкімет басшысы өрт шыққан «Транспорт Тауэр» ғимаратының техникалық және технологиялық жай-күйіне талдау жасауды тапсырды

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы өрт шыққан «Транспорт Тауэр» ғимаратының техникалық және технологиялық жай-күйіне бүгін таңертеңгі 8 сағатқа дейін талдау жасап, бүглінген жерлерін анықтауды тапсырды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің бспсөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше кешке Татарстаннан жұмыс сапарынан оралған бетте премьер-министр Даниал Ахметов өрт шыққан «Транспорт Тауэр» ғимаратында болды. Зардап шеккен ғимаратты келіп көрген үкімет басшысымен бірге осында орналасқан министрліктердің басшылары, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі еріп жүрді.

«Болған оқиғаның себеп-салдарын анықтаумен құзырлы органдар айналыссын», - деп мәлімдеді премьер-министр.

Содан кейін үкімет басшысы кеңес өткізіп, тағы да бірнеше тапсырма берді. Атап айтқанда, Даниал Ахметов «Транспорт тауэрде» орналасқан министрліктердің жұмысы тоқтамауы керектігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны