19.09.2008, 18:13 2820

Үкімет басшысы президентті еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы хабардар етті

Үкімет басшысы президентті еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы хабардар етті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада бүгін қабылдауда болған республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы хабардар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, К.Мәсімов президентті еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, Үкіметтің осы жылдың тоғыз айында атқарған жұмысының алдын ала қорытындылары туралы, сондай-ақ құрылыс саласындағы ахуал жөнінде хабардар етті.

Сонымен қатар, премьер-министр астық жинау науқанының барысы жөнінде әңгімелеп берді. Бүгінгі таңда егістік алқаптардың 90 пайызынан 15,5 миллион тоннадан астам астық жиналған.

"Сыртқы дағдарысты жағдайларға қарамастан, қаржы секторындағы ахуал тұрақты қалыпта сақталуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес үкіметтің қабылдаған шешімдері оң нәтиже берді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты әрі үкіметтің толық бақылауында екендігін тағы да атап өткім келеді", - деді премьер-министр К.Мәсімов журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны