12.10.2007, 19:16 2734

Үкімет басшысы Румыния Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

Үкімет басшысы Румыния Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті.

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін". - Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Румыния Республикасының сыртқы істер министрі Адриан Чороянумен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан үкіметінің басшысы Қазақстан мен Румыния қарым-қатынастарының жаңа сапалы деңгейге көтерілгеніне тоқталды. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуының оң қарқынын атап өтті.

"Өз кезегінде, Андриан Чорояну "біз қазір Қазақстанды Румынияның өңірдегі ең маңызды әріптесі болып табылады деп есептейміз" дей келе, мұнай мен газ тасымалдау жөніндегі энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға, Қазақстанда румяниялық технология бойынша мұнай жабдықтарының бірлескен өндірісін ашуға мүддесі барын айтты", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан үкіметінің басшысы мен Румыния сыртқы істер министрі екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында екі елдің күш-жігерін үйлестіру қажеттігі туралы пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны