26.02.2008, 16:34 3080

Үкімет басшысы "Самғау" холдингі ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды

Үкімет басшысы "Самғау" холдингі ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Серік Бүркітбаевты таныстырды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Серік Бүркітбаев басқа жұмысқа ауысқан Азамат Ибдімомыновтың орнына келді".

Серік Мінәуарұлы Бүркітбаев 1957 жылы 7 қыркүйекте туған. 1980 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын инженер-физик мамандығы бойынша бітірген. Физика-математика ғылымдарының докторы.

1984-1993 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының жүйесінде жұмыс істеген. 1993-1998 жылдары Лазерлік технология жөніндегі Алматы инженерлік орталығын, Қазақ радиотехникалық зауытын басқарған, сондай-ақ "Қазинформтелеком" АҚ, "Қазақстандық телекоммуникация" (КАТЕЛКО) ЖТАҚ, "Қазақтелеком" АҚ президенті.

1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарды. Ал 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, соңғы жылдары Қазақ мұнай және гах институтының директоры болып еңбек еткен.

2007 жылдың 10 қаңтарынан "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін - Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны