11.01.2008, 17:17 3051

Үкімет басшысы "Шеврон" корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді

Үкімет басшысы "Шеврон" корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Гай Холлингсуорт бастаған "Шеврон" корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарладйы агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, премьер-министрге үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан қызметіне кіріскен "Шеврон" корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің жаңа атқарушы директоры Джей Джонсон таныстырылды.

"Қазақстан мен корпорация арасында тығыз әріптестік орнатылған және біз бірлескен жұмысымыздың нәтижелеріне разымыз",- деді Г. Холлингсуорт.

Кәрім Мәсімов "Шевронның" Қазақстандағы жұмысын оң бағалап, компанияның ірі қазақстандық кен орындарын - Теңіз бен Қарашығанақты игеру жөнінде іске асырылып жатқан жобаларын талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны