26.04.2010, 13:30 2451

Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге 50 млн теңге көлемінде көмек көрсетуді тапсырды

Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге 50 млн теңге көлемінде көмек көрсетуді тапсырды

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге 50 млн теңге көлемінде көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тиісті тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Шығыс Қазақстан облысына Алматы облысындағы секілді жолмен шамамен 50 млн теңге көлемінде көмек көрсетуді тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Үкіметтің кеңсесі осы жөніндегі қаулының жобасын дайындап, маған қол қоюға әкелсін", - деді ол.

Бұл шараға жауапты адам ретінде ол үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеевті тағайындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны