14.07.2014, 20:01 1385

Үкімет басшысы Тараздағы жаңа өрт сөндіру депосына барды

2014 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру барысын зерделеу аясында Жамбыл облысына барды.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру барысын зерделеу аясында Жамбыл облысына барды.

Сапар барысында ол 2013 жылғы 19 қазанда пайдалануға берілген Тараз қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болды. Делегация мүшелері құрамымен бірге келген ҚР ТЖ министрі В.Божко бөлімшенің жұмысы туралы баяндады

Жұмыс барысында қызметтік үй-жайлар мен жаңа №2 МӨСБ аумағы, өрт сөндірушілердің иелігінде тұрған техника мен арнайы жабдықтар көрмесін көрді.

Жаңа депо заманауи шарттарды есебінен әзірленген, сондай-ақ сәулет техникалық шешімдер мен дизайн үлгі жобасы бойынша салынды. Бөлімшенің материалдық базасы халықаралық стандарттарға жауап беретін заманауи өрт сөндіру техникасымен және қару-жарақпен, сондай-ақ ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлармен жарақталған.

Өрт сөндіру депосы кешені жалпы ауданы 1,7 гектар жер учаскесінде орналасқан. Кешен құрамына 4 машина орнына арналған қосымша резервтегі гараж боксы бар 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының ғимараты, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, 30 адамға арналған оқу сыныбы, бөлімнің байланыс пункті, 50 текше метр өрт сөндіру резуары, 2 резуары бар 2 бағанаға арналған отын құю пункті кіреді. Жеке құрамға тұрмыстық үй-жай, демалатын бөлмелер, психологиялық жеңілдену бөлмесі, спорт зал көзделген. Жеке құрамның кәсіби даярлығын ұйымдастыру мақсатында кедергілері бар 100 метрлік жол алаңы, сондай-ақ баскетбол-волейбол алаңдары бар оқу-жаттығу мұнарасы бар.

Жаңа өрт сөндіру депосының дислокациясы халқының саны 90 мыңға жуық қаланың оңтүстік-батыс бөлігін, сондай-ақ "Иулиеата" халықаралық әуежайы, облыстық балалар ауруханасы, Назарбаев интелектуалдық мектебі, "Тараз-Арена" халықаралық спорт кешені, "Атамекен-Тараз" орталық базары, "Петро-Қазақстан" мұнай базасы сияқты маңызды объектілерді сенімді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылда республикалық бюджет есебінен Жамбыл облысының иелігіне 15 бірлік өрт сөндіру техникасы сатып алынды, 2014 жылы тағы 4 бірлік техника сатып алынады деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны