29.10.2007, 18:02 3000

Үкімет басшысы төтенше жағдайлар министрі мен жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасын отставкаға жіберу туралы ұсыныс жасады (толықтырылған нұсқа)

Үкімет басшысы төтенше жағдайлар министрі мен жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасын отставкаға жіберу туралы ұсыныс жасады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматыдағы су қорғанасы аумақтардағы жер телімдерін заңсыз бөлуге байланысты Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов пен мен Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Бақыт Оспановты отставкаға жіберу туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы ол бүгін Алматы және Алматы облыстарындағы құрылыс салу мәселелері бойынша өткен үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Заң бұзушылықтар бар, оларды қабылдаған нақты адамдар да бар. Егер мұндай шешімдер қабылданса, онда бұла адамдар тиісті жауапакершілікті жүктеуге тиіс",- деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов. "Сондықтан да, менің пайымдауымша, сіз, Виктор Храпунов, шешім қабылдаған қаланың бұрынғы әкімі ретінде үкіметте одан әрі жұмыс істеуді жалғастыра алмайсыз, сондықтан да мен Елбасының атынан сізді министр лауазымынан шеттету туралы ұсыныс енгіземін",- деді премьер.

"Менің пайымдауымша, бұл мәселеде Жер ресурстары басқару агенттігі де қырағылық таныта алмады, мен агенттік басшысын да атқарып отырған лауазымынан аластату туралы шешім қабылдаймын",- деп қосты үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны