19.09.2006, 18:55 3226

Үкімет басшысы "Трансмашхолдинг" жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін "Трансмашхолдинг" жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Кездесуде кәсіпорынмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күндері Павлодардағы "Химиялық өнеркәсіп" АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің пилотты жобасы қолға алынып отыр.

Кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп өткен үкімет басшысы тепловоздарды жер серігі байланыс жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударып өтті. Үкімет басшысының айтуынша, "Қазақстанда әзірге бір ғана "ҚазСат" байланыс жер серігі бар, бірақ болашақта біз жер серіктерінің тобына ие боламыз. Сондықтан біз ғарыштық мүмкіндіктерімізді пайдалана білуіміз қажет", - деп атап көрсетті Д.Ахметов.

Кездесуде сондай-ақ, жолаушылар вагондарын сатып алу мәселелері көтерілді. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, алдағы 5 жылда тепловозға деген сұраныс 360 бірлікті құрайды. Өз кезегінде "Трансмашхолдинг" ЖАҚ өкілдері купе-вагондарды жасау ниеттерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны