28.12.2012, 10:08 7716

Үкімет басшысы ұялы байланыс қызметіне тариф белгілеу мәселесі бойынша мәжіліс өткізді

Отырыс барысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ұялы байланыс операторларының қызметіне тарифті төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ұялы байланыс қызметіне тариф белгілеу мәселесі бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыс барысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ұялы байланыс операторларының қызметіне тарифті төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

"2010-2011 жылдары "КаР-Тел", "Кселл" компанияларының желі ішінде қоңырау шалудың шектік тарифі 31%, басқа операторларда - 20% төмендетілген болатын. Абоненттердің шығынын азайту мақсатында ККМ ұялы байланыс қызметіне секундтық тарификация енгізді", - деп хабарлады А.Жұмағалиев.

Соған қарамастан, ККМ тәуелсіз консалтингтік сараптама өткізіп, оның нәтижесінде ұялы байланыс операторлары үшін интерконнект мөлшерлемесін төмендетудің нұсқамалары әзірленді.

"Ұзақ келіссөздер нәтижесінде үш оператор - "КаР-Тел" ЖШС, "Кселл" АҚ, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС - тарифті біртіндеп 15% дейін төмендетуге келісті", - деді ККМ басшысы.

Осылайша, ұялы байланыс операторлары 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін интерконнект мөлшерлемесін жыл сайын 15% төмендетуді жоспарлап отыр, яғни мөлшерлемелер төмендетілуінің жалпы көлемі 40% құрайды.

Ұялы байланыс операторлары атынан сөз алған "КаР-Тел" ЖШС бас директоры Сергей Миронов "мөлшерлемелерді азайту туралы шешім дұрыс" деп атап өтті.

"Интерконнект мөлшерлемесін біртіндеп жоспарлы түрде төмендету әлемдік үздік практикаға сай келеді және қазіргі желілердің жұмыс қабілетін, ұялы байланысты жаңғырту мен одан әрі дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді", - деді С.Миронов.

Отырыс соңында С.Ахметов Қазақстанның ұялы телекоммуникациялық саласында бәсекелестікті дамыту қажеттігін, ұялы байланыс қызметінің құнын, оның ішінде интерконнект мөлшерлемесін төмендету қажеттігін атап өтті.

"Ұялы байланыс қызметін атап өту бәсекелестікке алып келеді. Ұялы байланыс операторларының тарифтерді оңтайландыруға талпынысы қуаттауға тұрарлық. Үкімет операторлардың ұялы байланыстың сапасын арттырып, қызмет құнын төмендетуге қатысты жұмыстарына қолдау көрсетеді", - деп қорытындылады сөзін Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны