24.10.2006, 13:08 3165

Үкімет басшысы заңнамаға құрылыс саласындағы қызметті сатып алу мәселесі бойынша өзгерістер енгізуді тапсырды

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитеті мен ҚР қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға құрылыс саласындағы қызметті сатып алу мәселесі бойынша тендерлер өткізуге өзгерістер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Министрліктің комитеті мен қаржы министрлігіне құрылыс саласындағы қызметті сатып алу жөніндегі бөліміне өзгерістер енгізу жөнінде хаттамалық тапсырма берілсін",- деді бүгін Д.Ахметов мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Үкімет басшысының пікірінше, тендерлер өте ұзақ жүргізіледі. "Түрлі қызмет сатушы компаниялар бағаны қасақана арзандату арқылы әкімшіліктерді ауыр жағдайда қалдыратын баға факторының әсері шынында да бар",- деді Д.Ахметов.

Осыған байланысты үкімет басшысының пікірінше, "заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу қажет. Олар мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарын жақсартып, бір жүйеге енгізуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны