25.01.2011, 14:13 4160

Үкімет басшысы жұмысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыны 6 айға созу жөнінде тапсырма берді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне азамат жұмысынан айырылған жағдайда оған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақыны 6 айға созу туралы тапсырма берді. Ол бұл тапсырманы бүгінгі Үкімет отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қаржы министрліктеріне жүктеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне азамат жұмысынан айырылған жағдайда оған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақыны 6 айға созу туралы тапсырма берді. Ол бұл тапсырманы бүгінгі Үкімет отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қаржы министрліктеріне жүктеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігі бір аптаның ішінде дағдарысқа қарсы бағдарламада жасағанымыздай тұрақты негізде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айыру бойынша төленетін жәрдемақыны 4 айдан 6 айға созу үшін барлық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді тапсырамын. Яғни, біз дағдарыс кезінде жасаған жұмыстарымызды одан әрі жалғастыруымыз қажет",- деді Үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны