28.06.2012, 11:52 2699

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ақмола облысының Бурабай ауданына жұмыс сапарымен барады

С.Ахметов Бурабай ауданының бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралап, су бұру желілерінің, қазандықтардың, сондай-ақ теміржол желілері арқылы өтетін өткелдердің жағдайын тексереді деп жоспарлануда.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша оның бірінші орынбасары Серік Ахметов бүгін Ақмола облысының Бурабай ауданына жұмыс сапарын жасайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С.Ахметов Бурабай ауданының бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралап, су бұру желілерінің, қазандықтардың, сондай-ақ теміржол желілері арқылы өтетін өткелдердің жағдайын тексереді деп жоспарлануда.

Бірінші вице-премьер сондай-ақ "Бурабай" арнайы экономикалық аумағында салынып жатқан "Borovoe Tourism City" нысанына ат басын тірейді және Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында жүктелген тапсырмаға сәйкес Щучинск-Бурабай курорттық аумағын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны