06.02.2007, 10:42 2742

Үкімет басшысының пайымдауынша, қазақстандық компаниялардың сыртқы экономикалық іс-қызметін СІМ үйлестіруге тиіс

АСТАНА. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет басшысының пайымдауынша, қазақстандық компаниялардың сыртқы экономикалық іс-қызметін СІМ үйлестіруге тиіс. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сыртқы істер министрлігінде осы ведомствоның басшылығымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкімет басымдықтардың барлық бағыттары белгіленді деп айта аламын. Үкіметке және сыртқы саясат ведомствосына осы бағытта қызмет ету керек. Мен бүгін сіздермен жалпы сыртқы саясат туралы емес, оның экономикалық құрамдас бөлігі туралы әңгімелескім келеді. Біздің алға қойып отырған міндеттерімізге сәйкес, барлық министрліктер мен ведомстволар көптеген аспектілер бойынша сыртқы істер министрлігімен тығыз жұмыс істеуіне тура келеді. Осыған байланысты мен сіздерден барлық министрліктер, ведомстволар және компаниялар сөзсіз орындауға міндетті осы бағыттағы біздің сыртқы саясатымыздың басымдықтарын анықтауларыңызды өтінемін. Өйткені, Елбасының біздің бәріміздің алдымызға қойған бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену бағыты барлық министрліктер мен ведомстволар, компаниялар мен мемлекеттік холдингтер, жекеменшік компаниялар - бәрінің жұмыстарының жаһандық рынок талаптарын ескере отырып бір арнаға тоғысуын және өзара ықпалдасуын қажет етеді",- деді үкімет басшысы.

"Біз еліміздің барлық құрылымдарына сыртқы саясаттың басымдықтарын жақсы таныстыруымыз керек. Ийтпесе, жаһандық көлемде жұмыс істеп жүрген біздің кейбір компанияларымыз елдің негізгі басымдықтарын білмейді. Ал біздің елшілеріміз елде жүргізіліп жатқан барлық үдерістермен жақсы таныс емес. Бұл олардың өз жұмысын ішкі істермен тығыз байланыстыруына мүмкіндік бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің кейбір компанияларымыз елшіліктерді айналып өтуге тырысады. Америка секілді дамыған елдерде бұған ешқашан жол берілмеген болар еді. Біз де мұндайдан арылуымыз керек. Елші президенттің сол елдегі өкілі екенін ұмытпайық. Егер елшілерді айналып өту жалғаса беретін болса, сіздердің бастамаларыңызбен біз үкіметтің арнайы отырысын осы іске арнайық", деп премьер-министр өзінің ойын түйіндеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны