26.04.2010, 13:57 2510

Үкімет басшысының тапсырмасымен Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін талдау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Үкімет басшысының тапсырмасымен Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін талдау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Үкімет басшысының тапсырмасымен Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін талдау жөніндегі жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үкіметтің бүгінгі селекторлық кеңесінде Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

"Иділет министрі Рашид Түсіпбековтың басшылығымен Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін талдау жөніндегі арнайы жұмыс тобын құруды тапсырамын. Бүгін айтылған мәселелер бойынша 1-маусымға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жетілдіруге байланысты барлық ұсыныстарды менің қарауыма енгізуді тапсырамын. Халық тарапынан айтылып жатқан мәселелер өте көп. Біз оны жақсы білеміз", деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы атап өткендей, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келген азаматтардың бүгінгі билікке деген көзқарасы қалыптасады. Сондай-ақ К. Мәсімов осы мәселе бойынша маусымның басында арнайы селекторлық кеңес өткізуді ұйғарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны