09.02.2007, 15:11 2723

Үкімет бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға күш салады

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға күш салады. Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту, соның ішінде берілетін түрлі есептерді оңтайландыру арқылы әкімшілік кедергілерді азайтуға шаралар қолданылады",- делінген құжатта.

Үкімет сонымен бірге барлық кәсіпкерлік субьектілерді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшіруді аяқтауды көздеп отыр.

Бұған қоса үкімет шағын несиелендіруді дамытуға ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен бизнес-инкубаторлардың іс-қызметін пәрмендендіру шараларын қолданбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны