17.10.2012, 14:39 3035

Үкімет бюджетті жоспарлау барысындағы әкімшіліктің жауапкершілігін күшейтпек

Бюджет қаражатының дұрыс жоспарлануы мен тиімді бөлінісін ерекше назарда ұстау қажет. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Үкімет бюджетті жоспарлау барысындағы әкімшіліктің жауапкершілігін күшейтпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бюджет қаражатының дұрыс жоспарлануы мен тиімді бөлінісін ерекше назарда ұстау қажет. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінгі күні еліміздің бюджетіне қатысты қолданыстағы жүйесі қаражаттардың пайдалану тиімділігін тек оны жұмсап болған соң ғана айқындауға мүмкіндік береді. Осыған орай, Үкімет басшысы, "егер бюджетті жоспарлау сапалы жүргізілсе, онда бүгінгі таңдағы проблемалар болмайтынын" айтты.

"Мәселен, "Ақ бұлақ" бағдарламасын алып қараңыз. Онда болашағы жоқ елді мекендерді сумен қамтамасыз ету шараларына да қаражаттар қарастырылып кеткен. Осыған орай, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру қажет", - деді Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны