17.09.2007, 13:44 1411

Үкімет Бюджеттік кодекске енгізілетін түзетулердің жобасын таяу күндерде парламентке енгізеді

Үкімет Бюджеттік кодекске енгізілетін түзетулердің жобасын таяу күндерде парламентке енгізеді.

Астана. 17 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін" - Үкімет Бюджеттік кодекске Конституциялық өзгерістерді ескере отырып енгізілетін түзетулердің жобасын таяу күндерде парламентке ұсынады, деп хабарлады экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

"Біз "Бюджеттік кодекске өзгерістер енгізу туралы" заңның жобасын таяу күндерде парламентке енгізбекшіміз, онда конституциялық заңдарға кейінгі кездері енгізілген барлық өзгерістер ескеріліп, оларға қосымша біздің үш министрлік пен бір өңірде нәтижеге бағытталған бюджет жасауды енгізетін пилотты жобаны жүзеге асыруға қажетті нормалар қамтылады", -деді Б. Сұлтанов бүгін "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының парламенттегі тұсаукесерінде.

"Өткен аптада жобаны жасап аяқтадық, қазір Бюджеттік кодекске енгізілетін түзетулер соңғы келісу сатысынан өтуде, біз оны ертең үкіметтің отырысына шығарудан үміттеніп отырмыз ",- деді ол.

Өздеріңізге мәлім, Конституция мен конституциялық заңдарға енгізілген түзетулерге сәйкес, парламент сайлауында 7 проценттік кедергіден өткен саяси партияларды және Қазақстан халқы ассамблеясын бюджеттен қаржыландыру көзделген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны