02.02.2009, 11:01 1536

Үкімет "БТА банк" АҚ директорлары кеңесінің төрағасын қызметтен босатты

Үкімет бүгін "БТА банк" АҚ директорлары кеңесінің төрағасы Мұхтар Аблязовты және осы банк басқармалары төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жәрімбетовты қызметтен босатты. Осындай шешім бүгін өткен үкіметтің отырысында қабылданды.

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Үкімет бүгін "БТА банк" АҚ директорлары кеңесінің төрағасы Мұхтар Аблязовты және осы банк басқармалары төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жәрімбетовты қызметтен босатты. Осындай шешім бүгін өткен үкіметтің отырысында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігінің шешімімен "БТА банк" АҚ директорлары кеңесінің төрағасы Мұхтар Аблязов және осы банк басқармалары төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жәрімбетовтың іс-қызметі салымшылар мен банк кредиторларының мүддесіне сай келмейді деп танылуға байланысты және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай қызметтен шеттетілді", - деді премьер-министр.

"Қазір үкіметтің отырысынан кейін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының директорлары кеңесінің отырысы өтеді. Онда аталған қаржылық институттың басшылығы айқындалады. Осы сәттен бастап үкімет банктің құрамына енеді, БТА аяғынан тік тұрған банк және заңды және жеке тұлғалар оның тіршілік қабілетіне күмән келтірмеуіне болады", - деді Кәрім Мәсімов.

"БТА банкке қатысты жағдайда бәрі заңды", -деді өз кезегінде ҚР әділет министрі Зағипа Балиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны