08.01.2008, 16:25 3373

Үкімет дайындаған мемлекет меншігін иеліктен шығару туралы заң жобасы депутаттардың кері бағасын алды

Үкімет дайындаған мемлекет меншігін иеліктен шығару туралы заң жобасы депутаттардың кері бағасын алды

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті үкімет тарапынан мемлекеттік меншігін иелікке шығару жөнінде дайындаған заң жобасының қорытындысына кері баға берді, деп мәлімдеді комитеттің отырысында оның төрағасы Нұрбах Рүстемов. Оның сөздері бойынша, құжат сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізілмеген.

ҚР үкіметі "ҚР Азаматтық кодексіне кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жөніндегі заң жобасында, мемлекеттік меншігін жеке кәсіпорындардың акцияларына айырбастау механизмі арқылы иеліктен шығаруды ұсынуда. Ал, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті мүшелерінің пікірінше, бұл ҚР "Жекешелендіру туралы" заңына қайшы.

"Біздің пікірімізше, осындай мысал арқылы үкімет біздерге сыбайлас жемқорлық іс әрекеттерге жетелейтін бастамасын көрсетуде. Сондықтан, бұл заң жобаға кері баға беруге барлық негіз бар деген ойдамын", - деп түсіндірді Нұрбах Рүстемов.

"Үкіметтің дайындаған жоба қорытындысында, жекешелендіру процедураларын айналып өтіп, алмасу мүмкіндігі қарастырылмаған. Яғни, алмасу түрінде жасалса да, оның бәрі жекешелендіру заңына сәйкес жасалу керек. Ал жоба авторларының ұсынысы бойынша, мемлекет меншігін, жеке меншік кәсіпорындардың акцияларына алмасу арқылы шығару керек" деп хабарлады агенттік тілшісіне ҚР МП халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Серік Темірболатов.

ҚР "Жекешелендіру туралы" заңы бойынша, мемлекеттік мүлік жеке меншікке екі түрлі жағдайда ғана заңды түрде берілген деп саналады. Ол- аукциондық сауда-саттық немесе мемлекеттің жеке меншігіндегі нысанды немесе акцияны тікелей біреуге сатылғанда ғана заңды деп саналады, деді ол.

Комитет мүшелері бір ауыздан үкіметтің ұсынған заң жобасын қарастырмай, оны қайтару жөнінде шешім қабылдады. Тиісті қорытынды мәжілістің заң және құқықтық реформа жөніндегі комитетіне беріледі. Содан кейін, заң жобасын қарастырмау жөнінде шешім төменгі палатаның жалпы отырысында қаралады. Егер бұл шешім мақұлданса, онда құжат үкіметке қайтарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны