30.01.2012, 14:39 3116

Үкімет экономиканың өсімін қамтамасыз етпейтін бюджеттік шығындарды қысқартады

"2012 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде және 2013-2014 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде елбасының жолдауында атап өтілгендей, шығындарды оңтайландыру керек және экономиканы арттыруда нақты тиімділік әкелетін шаралар үшін қаржы көздеу керек. Осы орайда қаржы министрлігі экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп экономикалық өсімді және жұмыс жағын қамтамасыз етпейтін бюджеттік шығындарды қысқарту үшін ұсыныс енгізуге тиіс", деді вице-премьер Астанада дүйсенбіде қаржы министрлігі төралқасының отырысында.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Үкімет экономиканың өсімін қамтамасыз етпейтін бюджеттік шығындарды қысқартады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің түзетулер жобасында экономикалық өсімді және жұмыс орындарын ашу жағын қамтамасыз етпейтін бюджеттік шығындар қысқартылатын болады.

Бұл туралы еліміздің вице-премьері Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"2012 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде және 2013-2014 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде елбасының жолдауында атап өтілгендей, шығындарды оңтайландыру керек және экономиканы арттыруда нақты тиімділік әкелетін шаралар үшін қаржы көздеу керек. Осы орайда қаржы министрлігі экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп экономикалық өсімді және жұмыс жағын қамтамасыз етпейтін бюджеттік шығындарды қысқарту үшін ұсыныс енгізуге тиіс", деді вице-премьер Астанада дүйсенбіде қаржы министрлігі төралқасының отырысында.

Ол атап өткендей, қаржы министрлігі 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын премьер-министрдің кеңсесіне 16-ақпанға дейін өткізуге тиіс.

"6-ақпан күні алдын- ала жобаны премьермен бірігіп қараймыз", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны