26.09.2011, 18:19 3337

Үкімет ертең рекордтық көрсеткішке жеткен астық түсімін сақтауға қатысты отырыс өткізеді

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 24-25 млн тонна көлемінде болжанып отырған астықты сақтап қалуға уәде берді.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Үкімет ертең рекордтық көрсеткішке жеткен астық түсімін сақтауға қатысты отырыс өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 24-25 млн тонна көлемінде болжанып отырған астықты сақтап қалуға уәде берді.

"...Бүгінгі күні 21 млн тонна жиналды, әлі белгілі бір көлемде резерв бар. Осы жылдың қорытындысы бойынша 24-25 миллионтонна астық жиналады. Ауыл шаруашылығы министрінің, облыс әкімдерінің баяндауынша, астық көп болғанына қарамастан, сақталады", - деп мәлім етті К. Мәсімов дүйсенбі күні президенттің қатысуымен өткен кеңесте.

Ақорда сайтындағы ақпаратқа сәйкес, премьер ауыл шаруашылығы министрінің басшылығымен штаб құрылғанын, астықты сақтап қалу үшін республикалық селекторлық кеңес өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

"Белгілі бір проблемалар туындап жатыр, бірақ олардың бәрін шешуге болады", - деп толықтырды премьер.

"Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер шығынға батпай, осындай мол астықтан ары қарай даму үшін, лайықты қаржы табу үшін оны уақытында экспорттаған маңызды", - деді Н.Назарбаев.

Үкімет басшысының айтуынша, бюджетті нақтылау кезінде бидай тасымалын субсидиялау туралы шешім қабылданды.

"Шаруалардың үлкен еңбегімен жиналған бидайды сақтап қалу керек", - деді премьер.

Мұның алдында хабарланғандай, К. Мәсімов "Нұр Отан" ХДП фракциясының отырысында астықтың бір бөлігін егістіктерде сақтауға тура келетінін айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны