24.07.2012, 11:21 3127

Үкімет Инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасын инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленді, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Үкімет отырысында.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Үкімет Инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасын инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленді, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Үкімет отырысында.

"Бұл жоба инновацияларды дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды оңтайландыруға және елімізде инновацияларды дамытудың ұзақмерзімдік бағыттарын анықтауға бағытталып отыр", - деді И.Исекешев өз сөзінде.

Қазіргі таңда республикада инновациялық экономика құруға қажетті база жасалған.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, 2011 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі жалпы кәсіпорын санының 5,7 пайызына дейін ұлғайса, инновациялық өнімдердің көлемі 65 пайызға, зерттеулер мен жобаларға бөлінген ішкі шығындар 29 пайызға өсіп отыр.

"Біз қолдағы базаны нығайтуымыз және кейбір жұмыстарды күшейтуіміз керек. Бұл күшейту шаралары, бірінші кезекте инновациямен байланысы бар қоғамның барлық қызмет саласын біріктіру есебінен іске асырылу керек: ол ғылым, жаңа технологиялар, бизнес-қоғамдастық және мемлекет", - деп атап көрсетті министр өз сөзінде.

И.Исекешевтің айтуынша, Тұжырымдаманың негізгі міндеті технологиялық болжаудың және инновациялық қызметті қолдау жүйесін құрудың нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан үшін негізгі технологияларды дамыту болып табылады.

Тұжырымданың аясында бардығы 50 нысанды көрсеткішке қол жеткізу қарастырылған, бұл индикаторлар инновациялық қызметтің аясын кең қамтуға мүмкіндік береді.

Алғаш рет құжат инновациялық дамытудың 8 стратегиялық саясатының іске асырылуын қамтамасыз етіп отыр: мемлекеттік секторға инновациялар енгізу, инновациялық орта қалыптастыру, ғылымның тиімділігін арттыру, технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесін дамыту, бизнестің инновациялық белсенділігін ынталандыру, өңірлік инновациялық жүйелер құру, инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту, инновацияларды дамыту үшін халықаралық ынтымақтастық орнату сияқты шаралар қарастырылып отыр, деді министр өз сөзінде.

Тұжырымда инновацияларды дамыту және ғылымды дамыту жөніндегі екі бесжылдық бағдарлама арқылы іске асырылатын болады.

"Ғылымды дамыту бағдарламасы әлемдік деңгейдегі ғылыми инфрақұрылым құру, жаңа ғылым кадрларын даярлау, қазақстандық абсолюттік инновациялардың пайда болуына жағдай жасау шараларына бағытталса, инновацияларды дамыту бағдарламасы өз кезегінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновацияларды тездетіп енгізуге келешек салалардың дамуына, жаңа сипаттағы элементтердің қалыптасуына жауап беретін болады", - деп түйіндегі өз сөзін И.Исекешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны