22.08.2008, 13:15 1284

Үкімет ірі компаниялардың мамандар дайындау мен оқу орталықтарын құруға талпынауын ынталандыруға тиіс - президент

Үкімет ірі компаниялардың мамандар дайындау мен оқу орталықтарын құруға талпынауын ынталандыруға тиіс - президент

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет ірі компаниялардың мамандар дайындау мен оқу орталықтарын құруға талпынауын ынталандыруға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір жинақталып қалған проблемаларды шешу үшін біріншіден, үкімет президенттің әкімшілігімен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысын тұрақты бақылауға алып, ірі компанияларды өз мамандарын дайындауға талпынуын ынталандыруы қажет", -деді президент.

"Сондай-ақ, ірі шетелдік және ұлттық компанияларға заманауи корпоративтік оқу орталықтарын құруға, немесе мамандарды тікелей жұмыс орындарында оқытуға септігін тигізу қажет. Бұл орталықтардағы жабдықтар ең озық, ал жұмысшыларды оқыту үздіксіз жүргізілуге тиіс", - деді президент.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының пікірінше, "компанияларда бар оқу орталықтарын жанама қамтамасыз етуші компаниялардың мамандарын және шағын және орта бизнес кәсіпорындарының мамандарын дайындауға тарту жайлы ойластыру қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны