Система Orphus

Үкімет Қарағанды облысындағы құтқару жұмыстарына 1 миллиард теӊге бөлді - ТЖК

16.04.2015, 17:46 1947

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ тұрғындарын апаттан құтқару мен оларға бірінші кезектегі медициналық көмек көрсету үшін облыс бюджетінен 1 миллиард теӊге бөлінді, деді Ішкі істер министрлігініӊ Төтенше жағдайлар комитетініӊ төтенше жағдайлармен күрес басқармасыныӊ бастығы Алексей Советов баспасөз-мәслихатыныӊ барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылдыӊ 15-сәуірінде Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев аймақтағы су тасқынымен байланысты оқиғалар және оларға қатысты қолданылып отырған шаралар туралы селекторлық мәжіліс өткізді. Оныӊ барысында Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары Қарағанды облысындағы апаттан құтқару жұмыстары мен бірінші кезектегі медициналық көмек көрсету үшін Үкімет бюджетінен 1 миллиард теӊге бөлуді тапсырды",-деді А.Советов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, республиканыӊ су тасқыны қаупі бар аймақтарында тәулік бойы алдын алу шаралары мен құтқару жұмыстары жалғасуда.

"Төтенше жағдайлар орын алған аймақтарда 5 мыӊ 537 адам күні-түні жұмыс істеуде. Олардыӊ арасында өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, Қорғаныс министрлігініӊ өкілдері мен қаржы полициясыныӊ қызметкерлері де бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға 1 мыӊ 467 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ ауыр инженерлік техникалар да тартылып, олар уақытша суға қарсы тосқауылдар қою ісіне пайдаланылуда",-деді А.Советов.

Бұған қоса 23-наурыздан бастап, бүгінге дейін 14 мыӊ 322 метр уақытша су қорғайтын дамбалар салынды.

"Нұра өзеніндегі су көлемініӊ көтерілуіне байланысты Қарағанды облысыныӊ Бұқар жырау және Нұра аудандарындағы 20 елді мекеннен 7 мыӊ 300 адам көшірілді. 10 мыӊ бас мал қауіпсіз аймаққа айдалды. Құндыз бен Нұра өзендерінӊ бойында жару, және тосқауыл орнату жұмыстары жүргізілуде. Аймақта жалпы саны 14 мыӊ 790 адам, ал соӊғы тәулікте 854 адам көшірілді",-деді басқарма бастығы.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны