06.09.2006, 16:45 3003

Үкімет қаулысымен Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құрылды

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Концессиялық жобаларды қарау және іріктеу үшін үкімет қаулысымен Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның құрамына экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, әділет, сондай-ақ көлік және коммуникация министрліктерінің өкілдері енді.

Жобаларды қарау және іріктеуден басқа, комиссияның міндеттері мен құқықтарына концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізу, концессионер таңдау жөніндегі байқаудың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекіту, концессиялық жобаларды іріктеудегі проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажетіне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тарту жатады. Бұдан басқа Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдау құқығына ие.

Бұдан бұрын атап өтілгендей, концессиялық жобаларға қойылатын негізгі талаптар - Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегиясына сәйкес болуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны