14.09.2007, 14:53 3152

Үкімет Қазақстан Республикасы 2009 жылы Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудегі жеңілдік жөніндегі рейтингінде 48-ші орын иеленеді деген үмітте

Үкімет Қазақстан Республикасы 2009 жылы Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудегі жеңілдік жөніндегі рейтингінде 48-ші орын иеленеді деген үмітте.

АСТАНА. 14-қыркүйек. "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" - Үкімет Қазақстан Республикасы 2009 жылы Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудегі жеңілдік жөніндегі рейтингінде 48-ші орын иеленеді, деген үмітте. Бұл туралы сенатта өткен "Лицензиялау және техникалық регламенттер" тақырыбындағы "дөңлегелек үстел" барысында экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Үкіметтің 2007 -2009 жылдарға арналған бағдарламасы Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудегі жеңілдік жөніндегі рейтинг индикаторын жақсарту нәтижесінде Қазақстанның рейтингі 2003 жылы 63-ші орыннан 2007 жылы 58-ші орынға дейін, 2008 жылы 53-ші орынға және 2009 жылы 48-ші орынға көтеріледі, деп жоспарланған",- дед М. Құсайынов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны