26.12.2008, 16:37 3104

Үкімет Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар паспорты мен азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігінің үлгісін бекітті

Үкімет Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар паспорты мен азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігінің үлгісін бекітті

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысымен Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар паспорты мен азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігінің үлгісі бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар паспорты машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады".

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көлемі 88х125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзац мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 бет) тұрады.

Қазақстан Республикасы азаматы паспортының мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат жеткізгіш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейс бар чип) орналастырылады.

Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасы азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.

Қазақстан Республикасы азаматы паспортының мұқабасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсіндей көгілдір түсті.

Сонымен бірге, құжатта айтылғандай, "азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады".

Азаматтығы жоқ адамның куәлігі көлемі 88х125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзац мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 бет) тұрады.

Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат жеткізгіш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейс бар чип) орналастырылады.

Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.

Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мұқабасы қара-көк түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны