21.06.2013, 12:20 2855

Үкімет Қазақстандағы тірек ауылдарға мемлекеттік қолдау көрсетеді

Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру шеңберінде республиканың тірек ауылдары барынша мемлекеттік қолдауға ие болады, деп хабарлады вице-премьер Ербол Орынбаев Шығыс Қазақстан облысындағы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Алғашқы республикалық форумның ашылуында сөйлеген сөзінде.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Үкімет Қазақстандағы тірек ауылдарға мемлекеттік қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру шеңберінде республиканың тірек ауылдары барынша мемлекеттік қолдауға ие болады, деп хабарлады вице-премьер Ербол Орынбаев Шығыс Қазақстан облысындағы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Алғашқы республикалық форумның ашылуында сөйлеген сөзінде.

"Үкімет мемлекеттік қолдау шараларын жұмыспен қамтудың мақсатты өнімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық дамудың жоғары әлеуетіне ие тірек ауылдарды дамытуға шоғарландыруды көздейді", - деді Е.Орынбаев.

Оның айтуынша, тірек ауылдарды дамыту үшін жобаларды жеке қоса қаржыландыру негізінде инвесторлар тартылады, қажетті инфрақұрылым жүргізіліп, нақты жобаларға арнап мамандар даярлау қамтамасыз етіледі. Аталған бағыт бойынша шамамен мың жұмыс орны құрылад деп күтілуде.

Бұдан өзге, үш бағыттың ішіндегі біріншісі бойынша жөндеу, жетілдіру және инфрақұрылымды, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қарастырылған. Аталған бағыт бойынша шамамен 22 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бірінші бағыт аясында жұмыссыз халық жедел еңбекпен қамтылып, осылайша жұмыспен қамту мәселесі мен ТКШ өзекті мәселелері шешіледі.

Өз кезегінде, бағдарламаның екінші бағыты бойынша тұрақты экономика негіздерін дамыту мәселесі - микронесиелеу, сервистік қызметтердің нүктелік көмегі арқылы ауылдағы шағын және орта бизнесті дамтыу мәселесі шешіледі. Оған қоса, аталған бағдарлама Индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының жобалары арқылы жұмыспен қамтуды қарастырады.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы дағдарысқа қарсы реттеудің жедел шараларнан, сондай-ақ қазақстандықтарды жұмыспен қамту шараларынан тұрады", - деп атап өтті Е.Орынбаев.

Сонымен қатар, вице-премьер бағдарлама аясында үстіміздегі жылы шамамен 124 мың жұмыс орнын құру жоспарланғанын еске түсірді.

"Өңірлік жұмыспен қамту карталарында жұмыс орындарындағы сұраныс қана көрсетіліп қоймай, аталған өңірлердегі жұмыспен қамтудың көздері көрсетіледі. Бұл нарықтағы дисбалансты жоюға көмектеседі", - деп түсіндірді өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова.

Бұдан өзге, картаға жұмыс орындарын құру, инвестициялар және кәсіби оқыту өткізу перспективаларының талдау элементтері енгізіледі.

Осылайша, Т.Дүйсенова айтып кеткендей еңбек нарығындағы талдау мен мониторинг қамтамасыз етіледі, бұл өзгеріп тұрған экономикалық конъюнктура жағдайында ерекше маңызды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны