20.03.2007, 19:29 3051

Үкімет Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорын одан әрі капиталдандыру туралы мәселені қарастыруда

АЛМАТЫ. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Үкімет "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ одан әрі капиталдандыру туралы мәселені қарастыруда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қордың бас директоры Бақыт Мәженова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ирине, біздің "Валют-Транзит" банкінің салымшыларына төлейтін қаржы өтем қорының көлеміне тікелей әсер етеді, бірақ бұрынғыдай, біздің өтем қорын толтыру көзі мүше банктердің күнтізбелік жарнасы болмақ. Және де қазір қорды одан әрі үкімет тарапынан капиталдандыру туралы мәселе қаралуда",- деді Б. Мәженова.

Ол, сондай-ақ, үстіміздегі жылдың басында күшіне енген жаңа "Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеудің көлемі мен тәртібін анықтау ережесіне" сәйкес, 2007 жылдың 1-сәуірінен бастап банктер қорға "тәуекел деңгейін салмақтау жүйесі бойынша" қаржы төлейтін болады. "Яғни, банктің тәуекелі артық болған сайын, көбірек төлесе, тәуекел деңгейі төмен банк аз жарна төлейді",- деп қосты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының бас директоры.

Б. Мәженованың айтуынша, "Валют-Транзит" банкінің салымшыларының 52 пайызы кепілдік берілген өтемді алуға тиіс. "Банктің бұрынғы иелерінің салымдары бар ма және оның көлемі қандай? Соманы ашып айтуға құқығым жоқ, бірақ олар 48 пайызды (салым сомасы 700 мың теңгеден артық болса - Kazakhstan Today ескертпесі) құрайтын санатқа жатады",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны