28.10.2008, 12:44 1532

Үкімет Қазақстанның жүйе құрушы төрт банкінің акционерлік капиталына қосымша қаржы құюды ұсынды (кеңейтілген нұсқасы)

Үкімет Қазақстанның жүйе құрушы төрт банкінің акционерлік капиталына қосымша қаржы құюды ұсынды (кеңейтілген нұсқасы)

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет Қазақстанның жүйе құрушы төрт банкінің акционерлік капиталына қосымша қаржы құюды ұсынды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржылық бақылау агенттігі дайындаған нұсқауларға сәйкес үкімет еліміздің жүйе құрушы төрт банкі - "Альянс банк", "БТА банк", "Халық банкі" мен "Қазкоммерцбанк" акционерлеріне осы банктердің капиталының жеткіліктілігін нығайту үшін акционерлік капиталына қосымша қаржы құюды ұсынды", - деді Кәрім Мәсімов.

"Қосымша капитал жасау 5 млрд долларға қарапайым және артықшылықтағы акциялардың қосымша эмиссиясын шығару арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Қазіргі акционерлерге жаңадан шығарылатын қарапайым және артықшылықтағы акцияларды сатып алуда артықшылық беріледі және бұл қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін банк капиталының қосымша көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі акционерлер тез арада капитал құя алмаған жағдайда мемлекет банк акционері болуға дайын. Бірақ ол қандайбір банктің капиталының бақылау пакетін сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Аталған жоспарды жүзеге асырған жағдайда банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ы мемлекеттің иелігіне өтеді. Аталған банктерде мемлекет мүддесін "Самұрық -Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қорғайтын болады. Бағалы қағаздарды сатып алу үшін қорға мемлекет 5 млрд доллар құйды. Ерекше атап өтертін жайт, мемлекет аталған банктерге ұзақ мерзімді қатысушы болуға ниеті жоқ. Орта мерзімді перспективада мемлекет әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты банктердің капиталынын шығып кетуді көздеп отыр. Ал мемлекет қатысушылар қатарынан шыққан кезде оған тиесілі болған акциялар нарықтық принциппен сатылады ", - деді Кәрім Мәсімов.

"Банктер өз міндеттемелерін дер кезінде орындай алуы үшін банк секторын ре-капитализациялау шараларымен қатар банктерге қосымша ақша көздерін беру көзделуде", -деді үкімет басшысы.

"Отандық банктерге осы ұсыныс аясында қолдау көрсете отырып, мемлекет банктер өз тарапынан ішкі экономиканы несимелендіру көлемін сақтап қалады, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемін ұлғайтады, банкке кепілдікке қойылған баспанадан басқа үйі жоқ несиегерлердің ипотекалық несиелері бойынша икемді жағдай жасайды деп сенеді", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны