21.02.2011, 16:52 3920

Үкімет кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуге 4,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Үкімет кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуге 4,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Үкімет кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуге 4,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 3 сәуір күні өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуге Үкімет қорынан 4,7 млрд. теңге бөлді, бұл 2005 жылғы сайлауға жұмсалған қаражаттан 1 млрд. 697 млн. теңгеге артық.

Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мен дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі республикалық семинар-кеңес барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

"Ең алдымен мен сіздерге алдағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына ҚР Үкіметі қорынан 4 млрд. 706 млн. теңге бөлінгенін хабарлағым келеді. Бұған сәйкес Үкімет қаулысы бар", - деп атап өтті ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

"2005 жылғы шығындармен салыстырғанда ақша қаражатындағы қажеттілік 1 млрд. 697 млн. теңгеге көбейді. Бұған инфляциялық үрдістер, сонымен қатар сайлау комиссиялары қызметін қамтамасыз етуге қажетті шығындардың артуы себеп болып отыр", -деп толықтырды ол.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, 2009 жылы "ҚР-дағы Сайлау туралы" Заңға өзгертулер енгізіліп, сол өзгертулерге сай мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне кем дегенде үш айлық жалақы мөлшеріне тең еңбекақы белгіленген, соған байланысты шығын да артып отыр. Сонымен қатар осы өзгерістерге сай сайлау комиссиясының барлық мүшелеріне үстемеақы, мереке және демалыс күнгі жұмыстар үшін қосымша ақша төлеу белгіленген.

"Жалпы алғанда, бұл өзгерістер шығынды 1 млрд. 681 млн. теңгеге арттырды. Яғни, бұл 2005 жылғы сайлауға кеткен шығын мөлшерінен артып отырған қаражатқа тең", - деп атап өтті Қ.Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны