15.08.2006, 18:32 2733

Үкімет көктемде өнімдердің қауіпсіздігі мен техникалық реттеуге қатысты заң жобаларының топтамасын парламентке енгізеді - индустрия және сауда министрінің орынбасары

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Үкімет көктемде өнімдердің қауіпсіздігі мен техникалық реттеуге қатысты заң жобаларының топтамасын парламентке енгізеді. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрінің орынбасары Асқар Баталов бүгін жер қойнауын пайдаланушылар рыногындағы жергілікті өнімді дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында болған үзілісте журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобаларының бұл топтамасы өнімнің қауіпсіздігіне қатысты қазіргі заманғы стандарттар мен мәселелерді қолданысқа енгізуге байланысты",- деді А.Баталов. Оның айтуынша, заңдардың топтамасына стандарттарды енгізуге қатысты 33 заң жобасы, сондай-ақ, химиялық, азық-түлік және балаларға арналған өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты 5 құжат енеді. "Бұл мәселені қазір біздің машина жасаушылар көтеріп отыр. Олардың айтуынша, халықаралық стандарттар мен регламенттер біріздендірілуге тиіс. Ол біздің шетелдік компаниялар әкелетін технологияларды пайдалануымыз үшін қажет",- деді вице-министр.

Оның хабарлауынша, қазір үкіметте "Мұнай туралы" және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заңдарға өзгерістер енгізуге дайындық жасалуда. "Біз шетелдік және отандық жер қойнауын пайдаланушылардың қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуға тендерлер жүргізу барысында еліміздегі өнім өндірушілерді де хабардар етіп отыруына заңнамалық негіз қаламақшымыз",- деді А.Баталов. Бірақ ол заң жобаларының парламентке енгізілу мерзіміне қатысты сауалға жауап бере алмады. "Заң жобаларын парламентке енгізу мерзімі әзірге белгісіз. Өйткені, жер қойнауын пайдалануға қатысты келісім-шарттарына байланысты мәселелер күрделі екені белгілі. Сондықтан біз бұл мәселенің екі жақ үшін де тиімді болғанын қалаймыз. Бұл мәселе бойынша абайлықпен алға жылжуымыздың , түрлі сөз-сөйлемдерді абайлықпен қолдануымыздың себебі осыда",- деді вице-министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны