24.09.2007, 18:46 2746

Үкімет қор рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыра бастады

Үкімет қор рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыра бастады.

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет қор рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыра бастады. "Қазақстанда тауар биржалары мен қор биржасын дамыту" тақырыбы бойынша бүгін өткен "дөңгелек үстел" барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай деп хабарлады.

"Мен осы аптада қаулыға қол қоямын деп ойлаймын. Ертең біз оны қарап, осы бағдарламаны жүзеге асыра бастаймыз", - деді Кәрім Мәсімов.

"Біздің мақсат - бұл жұмыстарды сөз жүзінде емес, нақты жүзеге асыруға саяды", - деді ол.

Өз кезегінде қаржы министрі Наталья Коржова журналистерге берген сұхбатында өз мекемесінің "бұл бағдарламаны жүзеге асыруға дайын" екенін жеткізді. "Қазір ауқымды жұмыс жүргізілуде. Біз елімізде бар барлық мемлекеттік активтерге ревизия жүргіздік. Қазір өз акцияларының қоржынын қор биржасында сатуға дайын акционерлік қоғамдардың тізімі біздің қолымызда бар", - деді ол.

Н. Коржованың хабарлауынша, "екі деңгейлі құнды қағаздарды енгізу межеленген. Біріншісі, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдарға тиесілі кәсіпорындардың қағаздары, екіншісі, коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздары".

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, бағдарлама аясында азаматтардың инвестициялық сауаттылық деңгейін көтеру үшін оқыту жоспарланған. Қаржы министрлігі осыған сәйкес "халық арасында да, шаруашылық субьектілері арасында да ауқымды түсініктемелік жұмыстарды жүргізбекші".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны