23.05.2008, 16:47 3103

Үкімет қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыс жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді дайындады

Үкімет қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыс жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді дайындады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "Қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыс жөніндегі" заңға енгізілетін түзетулерді дайындады, онда қорғаныс саласындағы тапсырысты қалыптастырудың жаңа тәртіптері қарастырылған. Бұл туралы 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебінде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Идустрия әне сауда министрлігі "Қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыс жөніндегі" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жасады, онда қорғаныс саласындағы тапсырысты қалыптастыру тәртіптерін өзгерту, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы мақсаттарына сай мемлекеттік органдар, меншік тріне қарамастан, ұйымдар мен заңды тұлғалардың қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және атқару саласындағы құқықтық қатынастарын сәйкестендіру қарастырылған", -делінген үкіметтің есебінде.

Сондай-ақ, бұл заң жобасымен "қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу, жаңалау, жөндеу мен пайдалы жаратудың, әскери мақсаттағы өнім өндіретін кәсіпорындарды дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының құқықтық базасы жасалады".

Есепте атап көрсетілгеніндей, бұл заң жобасы әділет, экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, төтенше жағдайлар, ішкі істер, қорғаныс министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Республикалық ұланның келісімін ешбір ескертусіз алған. Құжат үкіметтің қарауына 2008 жылдың ақпан айында енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны