08.08.2006, 13:02 2804

Үкімет ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің стандарттау, метрология және экология жөніндегі республикалық орталығын жекешелендіруге шешім қабылдады

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов "ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің стандарттау, метрология және экология жөніндегі республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жекешелендіру жөніндегі үкіметтің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, үкіметтің қаулысымен ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүшік кешені ретінде жекешелендіру жөніндегі ұсынысы қабылданумен бірге ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік комитетіне аталмыш кешенді сату шарасын жүзеге асыру тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны