30.12.2008, 17:25 2887

Үкімет мақта және мақтадан жасалатын өнімдердің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы қаулыны бекітті

Үкімет мақта және мақтадан жасалатын өнімдердің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы қаулыны бекітті

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Үкімет мақта және мақтадан жасалатын өнімдердің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы №1178 қаулысы "Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы заңына сәйкес қабылданған.

Қаулыға сәйкес, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті осы қаулыға косымшаға сәйкес тауарлар импортына қатысты іс қарауды бастауға тиіс.

Қаулыда атап көрсетілгеніндей, қаулыға қосымшаға сәйкес іс қарау рәсімі аяқталғанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне іс қараудың басталғаны туралы хабарлау жүктелген.

Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны